Lyrics
Жабыққанда қалаушы ем жалғыз қалғанды
Жанға жақын санаушы ем тыныш орманды
Ақтарамын сырымды аппақ қайынға
Бүйден тұтып көңілге аппақ арманды
Дара өскен қайынға ұзақ қарадым
Өткен күндер жайында еске аламын
Сынағына өмірдің онда түскенде
Терең ойға тұңғиық батып барамын
қайырмасы:
Ақ қайың арудай ақ қайың
Ақтаршы сырынды жадымда жаттайын
Ақ қайың бауырмал достайын
Ынтық боп барасың сен маған сәт сайын
Мұңлы тағдыры бірге
Сырласым жоқ дәл сендей
Әр жыл сайын жаңадан бүршік жарасың
Мен тәрізді ауаммен тыныс аласың
Қайтып бара жатқанда кейін оралып
Қимастықпен артымнан қарап қаласың
Жапырағын желпініп ерке желменен
Бойы сұңғақ биік көкте өрлеген
Ақ айың жүректе тұңған сырымды
Жеткіземін саған қалайша сөзіммен
қайырмасы:
Ақ қайың арудай ақ қайың
Ақтаршы сырынды жадымда жаттайын
Ақ қайың бауырмал достайын
Ынтық боп барасың сен маған сәт сайын
Мұңлы тағдыры бірге
Сырласым жоқ дәл сендей
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).