Бал ару lyrics

Даулет Алмуратов

2017

0
0

Share:



Ынтызар болдым мен балдай аруға,
Жүрегім от болып лаулап жануда
Тілімен тəп тəтті тасты жібітер
Түнімен ұйқымды ұрлап алуда
Ерекше ерке қыз есте қалуда
Ол қызға көп сері құмар болуда
Мен бірақ ойландым маған мəңгілік
Сол сұлу лайықты сыңар болуға
Қайырмасы:
Сен менің жарық берген ақ таңымсың жаным
Сен менің жүректегі тəтті əнімсің балым
Ол нəзік жүрегімде сақтау үшін жаным
Кешікпей келсеңші көрікті бағым
Жұпарын аңсадым сол нəзік гүлдің
Сен бар деп еңсемді түсірмей жүрдім
Секундына бір рет соғатын жүрек екі рет соққанын түсінбей жүрмін
Өзің біл өзгеше таңдасаң жолды
Мен саған əнімді арнасам болды
Сен түгіл өзімді жоғалтып алдым
Есімді жоғалтып алмасам болды
Қайырмасы:
Сен менің жарық берген ақ таңымсың жаным
Сен менің жүректегі тəтті əнімсің балым
Ол нəзік жүрегімде сақтау үшін жаным
Кешікпей келсеңші көрікті бағым

Даулет Алмуратов, Бал ару lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

31.01.2018
Users