Кешіккен көктем lyrics

Даулет Алмуратов & Бағлан Абдраимов

2017

0
0

Share:



Күттірді сол бір өткен
Еске алсам елжіреп мен
Екеумізді қоштастырды тағдыр неліктен
Көктем кеп гүл ашуда
Бағына нұр шашуда
Ал менің жүрегім сені әнге сап қосуда
Қайырмасы:
Жайымды көрермедің
Жаныма келермедің
Бағым боп оралшы шуақты таңымдай
Аңсатып жаңа күнді
Талдырып жанарымды
Күттіріп жүрсіңбе айтшы бір сағынбай
Мазалап жүрсің жанды
Жүректен өшпес мәңгі
Көнемін енді қайтейін осылай сен қаласың
Оралшы өткен шақтар
Біз бірге жүрген бақтар
Бақытты қылайын,
Бақытқа сені баласа
Қайырмасы:
Жайымды көрермедің
Жаныма келермедің
Бағым боп оралшы шуақты таңымдай
Аңсатып жаңа күнді
Талдырып жанарымды
Күттіріп жүрсіңбе айтшы бір сағынбай

Даулет Алмуратов & Бағлан Абдраимов, Кешіккен көктем lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

02.02.2018
Users