Lyrics
Сенсіз арман бекер ғой көңіліңмен сырласу
Өмір заңы екен ғой кездесу мен қоштасу
Қиналсаңда көнерсің басқа түскен тағдырға
Жаным оған не дерсің жеткізбесе арманға
Қайырмасы:
Енді маған сен бір елессің
Сені ұмыта алар емеспін
Жанарымда қалды елесін
Сені ұмыта алар емеспін
Аңсап сен де жүрсің бе жанарыңды талдырып
Атқан сайын әр күнге үміт отын жандырып
Мезгіл өтіп барады кеттің менен хабарсыз
Жүрек сыздап жанады көніп келем амалсыз
Қайырмасы:
Енді маған сен бір елессің
Сені ұмыта алар емеспін
Жанарымда қалды елесін
Сені ұмыта алар емеспін
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).