Daryn Самал жаныма (0) lyrics

Самал жаныма lyrics

Daryn

Самал жаныма

1
0

Share:


Айлы түнде түсіме кіретін,
Махаббаттың жылуын беретін,
Самал деген аруыма
Осы өлеңімді арнаймын.


Қайырмасы:
Бір көргеннен ғашық болдым, жаным өзіңе,
Ғашық болдым жүзіңе, сұлу келбетіңе мен.
Енді қалай ұмытамын сенің сұлу күлкіңді?
Ешқашан да бұл өмірде айырылыспайм сенімен.


Бір көргеннен жаным менің бір өзіңе ғашық болдым,
Содан кейін тағаттана кездесуге асық болдым.
Жүрегімді жаулап алдың сол бір сәтте бірден менің,
Сүйіп қалдым жалғыз сені, сұлу әсем келбетіңді.


Бір-бірімізге ғашық болып, қол ұстастып бірге жүрміз,
Жараланбас ойлайм енді ешқашан сезіміміз.
Қандай әсем еді сенің келбетің, жаным менің,
Енді соны күнде өтемін ойлауменен.


Ең алғашқы кездесуде жаным-ау күлімдедің,
Ұмытпаспын күлкіңді сол, жаным неткен көркем едің.
Ойламаған жерден бізді тағдыр, жаным, кездестірді,
Кездестірді екеумізді, қосылған ғашықтарды.


Болашақта ешқашан да бір өзіңнен басқа жанды,
Сүймейм, жаным, уәде берем, сенші маған, сенші енді.
Бақытымды кездестірдім, Самал-ау, бағым ба едің?
Қатты сені сүйем деп саған мың рет айтар едім.


Қайырмасы:
Бір көргеннен ғашық болдым, жаным өзіңе,
Ғашық болдым жүзіңе, сұлу келбетіңе мен.
Енді қалай ұмытамын сенің сұлу күлкіңді?
Ешқашан да бұл өмірде айырылыспайм сенімен.


Әлі талай болашақта уақыт бірге өткіземіз,
Талай қуаныш, талай мұңды бірге жаным өткереміз.
Қолымнан қысып қатты ұсташы, жібермеші,
Қосылып ап екеуміз біз, көк аспанда ұшамыз.


Естісем деп дауысыңды мен аңсаймын соны жаным,
Кездеспесем бір күн сенімен, сарғаям жапырақтай.
Уақыт өтсе мұңаюмен бір толғанып жырлатқаным,
Сен туралы қаншама ой төгіледі тоқтамай.


Қаншама сөз бір өзіңе арнаймын мен шаршамаймын,
Келбетіңді көру үшін қаншама жер шарлаймын.
Қасымда бол әрдайым сен, алысқа тек ұзап кетпе,
Болашақта сүймесең де сүйемін деп құлақ теппе.


Бірақ олай болады деп мүлдем мен ойламаймын,
Сені сүйіп, әрқашан да жалғыз саған сеніп жүрмін.
Қиын болған сәттеріңде саған әркез көмектесем,
Өйткені мен қазір саған жақын жандай болып кеткем.
Қайырмасы:
Бір көргеннен ғашық болдым, жаным өзіңе,
Ғашық болдым жүзіңе, сұлу келбетіңе мен.
Енді қалай ұмытамын сенің сұлу күлкіңді?
Ешқашан да бұл өмірде айырылыспайм сенімен.


Алақанда жаным сені аялаймын, ай-күнімсің,
Бұл өмірде ешкімді де сені сияқты еш сүймеппін.
Себебі сен Самал менің сүйіп қосқан тағдырымсың,
Болашақта жалғыз менің ғұмырымның серігісің.


Ризамын мен тағдырыма, сендей жанды кездестірдім,
Жанымда болмасаң да, көз алдымда көріп тұрмын.
Хош иісті мұрын жарар иісің бар неткен тәтті,
Сол иісіңді күнде-күнде, қазір тіпті сезіп тұрмын.


Айырмайды ештеңе де, бізге ешбір тосқауыл жоқ,
Сенен қымбат бұл өмірде маған тіпті ешкім жоқ.
Жүрегімде мәңгі орын алып, сонда сақталасың,
Менің жалғыз Самал жаным махаббатым боп қаласың.


Аспандағы жарық айды қаласаң, әперемін,
Жалғыз сенімен бұл өмірде биік шыңға жетемін.
Қолдаушым бол менің, Самал, мен де сені әркез қолдайм,
Тағдырымның жазғанына тек сен үшін шыдаймын.

Daryn






GM

Added Lyrics

28.10.2015