Lyrics
Жалындаған жанарыңмен
Жадыраған қабағыңмен
Емдеп мені келші қасыма
Шын сүйсініп қалар едім
Саған ғана тағар едім
Шаш бауыңды орап шашыңа
Би биледің айналаңмен
Барлық көзді байлағанмен
Менікі деп сүйдім өзіңді
Өмірімді мәнді еттің
Жүрегімді жанды еттің
Сен ояттың тәтті сезімді
Жел тербетіп шашыңды
Мойныңа асылды
Қызғанышым оянды жаным
Сені іздеген ер болып
Тым болмаса жел болып
Аймаласаң өзіңді жаным
Жалындаған жанарыңмен
Жадыраған қабағыңмен
Емдеп мені келші қасыма
Шын сүйсініп қалар едім
Саған ғана тағар едім
Шаш бауыңды орап шашыңа
Би биледің айналаңмен
Барлық көзді байлағанмен
Менікі деп сүйдім өзіңді
Өмірімді мәнді еттің
Жүрегімді жанды еттің
Сен ояттың тәтті сезімді
Сылқымданып сөйледің
Әдемі екен көйлегің
Жерге тиіп көзді жаулаған
Қош иісі әлемді
Тамсандырған әдемі
Тәтті сезім мені баурады
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).