Түнгі Қарағандыда lyrics

Дархан Өміржан

Түнгі Қарағандыда

0
0

Share:


'Түнгі Қарағандыда' [Қайталанған
тағдыр]
 
Мұң сіңген жаныма дауа іздеп,
Күрсінген кеземін қаланы.
Құдай-ау,
...жұп болып жат біреумен
Бұрымдым кетіп барады..
Көрмейді,
Көрмейді күйімді осы,
Келмейді ол, қалап ары..
Біздерге куә боп тұрды,
Көңілсіз Қарағанды..
Өзімді сан мәрте алдап,
Өзіңдей түсіне алмақ кім?!
...'Мен сені ұмыттым' деуші ем,
Жо-о-о-қ, ұмыта алмаппын..
Сыртыңнан сұқтана қарап,
Сыр тұнған жанарға солай.
Өзгені бағыңа балап,
Сен мені ұмыттың қалай?!
Күндер кеп көңіл айтады,
Түннің де мазасы қашқан.
Өртіме жаңбыр сепсеңші,
Меңіреу аспан...
Өршиді өзектегі өрт,
Таусылып айла - амалым.
Мен сөйтіп түнгі Қарағандыда,
Сағымға айналамын..
Сөгіліп сезімнің жібі,
Дертімнің асқынған араны.
Сыр айтып жат біреуге,
Бұрымдым кетіп барады..
Түнгі Қарағандыда!!!
Дархан Өміржан, Түнгі Қарағандыда lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.10.2015