Сыртыңнан сенің батырсынамын... Дархан Өміржан

Сыртыңнан сенің батырсынамын...

0
0

Share:


Lyrics



Сыртыңнан сенің батырсынамын,
Айта алмай саған сырымды..
Әлі де сені жақсы көремін,
Естисің бе, мені бұрымдым?!
Жел болып сені өбемін келіп,
Қарсы аласың мені суық тым..
Мен сені әлі ұмытқаным жоқ,
Сенесің бе, маған қылықтым?!
Жасың боп сенің тамамын кейде,
Шынар басынан биіктің..
Сағынышыма айналдың мәңгі,
Түсінесің бе, сүйіктім?!
Сағат тіліндей асыға берем,
Не екенін білмей баяудың..
Сен кеткен жолға сарыла қарап,
Күткенмін сені, Аяулым..
Себепкері сен жалғыздығымның,
Сыздайды-ау өзің салған сыз..
Сен енді мені мазалай берме,
'..Қарағанды да қалған қыз..'



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

15.10.2015