Сен бақытты жансың ғой бағы басым... lyrics

Дархан Өміржан

Сен бақытты жансың ғой бағы басым...

0
0

Share:


Сен бақытты жансың ғой бағы
басым,
Ал мені ше, бір үміт тосады
алдан.
Жылай – жылай жиналған көз
жасымның,
Тамшысынан мен сені жасап
алғам...
Сен елессің, бар жоғың
белгісіздеу,
Қиялыма, мұңайған қосам
арман.
(Үзенгісі үзілген үмітімнің)
Үздігінен мен сені жасап
алғам...
Жасап алғам мен сені аппақ
қардан,
Ақ ұлпасы сенсін ғой
сезімімнің.
Сен – сағымсың, кеткенсің
сағындырып,
Амалында қалдырмай
кезігудің..
Жасап алғам мен сені кезбе
бақтан,
Ол да алдамшы екен ғой,
сенесің бе?
Кері қарай уақытты
айналдырсам,
Маған қайтып сүйгенім келесің
бе?
Дархан Өміржан, Сен бақытты жансың ғой бағы басым... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

15.10.2015