Оңай емес lyrics

Дархан Өміржан

Оңай емес

1
0

Share:


«Оңай емес»
Оңай емес,
өзіңсіз таң атыру,
Өзге жанның оянып құшағында..
Сен бе деймін, өзгені сен деп білем,
Мұңға толы кеудеме құшамында..
Оңай емес,
өзіңді ұмытуым,
Сені өшіру санамнан қиын маған..
Бір білерім, сен қайтып оралмайсың,
Себебі, бақытымсың бұйырмаған..
Оңай емес,
Тағдырдың сынақтары,
Мазалайды бітпейтін сұрақтары..
Біз екеуміз танысқан баққа барып,
Қайтып барам, өзіңсіз, жылап тағы...
Өксік әуен,
Ойнайды күйтабақтан,
Сені есіме салады ырғақтары..
Әбден мені мезі етіп жіберді ғой,
Тағдыр дейтін тылсымның жұмбақтары...
Оңай емес,
Өзіңді көрмеу маған,
Көрге айналып кеткен бе қарашығым?!
Сенсіз тағы отырмын саябақта,
Мұңға бөлеп мөп-мөлдір дала шығын..
Сенсіз әлем,
Түнеріп кеткені анық,
Түнге айналғам, түнектің етегінде..
Менің бағым алыстан қолын бұлғап,
Кете барды «өзгенің» жетегінде...
Оңай деме,
Махаббат азаптарын,
Білмейсің ғой, «сүюде» азап барын..
Сен оралсаң алдына жаяр едім,
Ғаламның жинап алып ғажаптарын...
Оңай емес,
Сезімнің шырғалаңы,
Алдамшы екен сезім де, басқасы да...
Мен сені күте-күте көзім талып,
Жүректің сақтап қойғам таспасына...
Дархан Өміржан, Оңай емес lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015