Кеше менiң түсiме тағы да ендiң... lyrics

Дархан Өміржан

Кеше менiң түсiме тағы да ендiң...

0
0

Share:


Кеше менiң түсiме тағы да ендiң,
Қуансын деп, мен бейбақ елесiңе.
Бiрақ, бiреу жаныңда тұрды-ау күлiп,
Шығарып сап 'бақыттың кемесiне'..
Маған шаттық сыйламай кете бардың,
Қатыгездеу екен-ау жүрегiңде.
Түн ұйқынды төрт бөлiп анда-санда,
Тым кұрыса түсiңе кiремiн бе?
Өңiмде емес, түсiмде әлдилейсiң,
Ол да азырақ, жанымды емдемедi.
Құшағыңа ып-ыстық кысып ал да,
Түсiмде емес, өңiмде тербе менi..
Жiгiтiң жүр жанында, ол - бақытты,
Қайдан сезсін мендегі күйік мұңды?!
Қарғыс атқыр түсімде өзім емес,
Мен өзгемен көргенмін сүйіктімді..
Маған ауыр, сендердi бiрге көру,
Маған қиын, түсiне аласың ба?
Шын өмiрде жанымда жүрмесеңде,
Бақытым боп түсiмде қаласың ба?
Түсiмде қал, Сен солай бақытты етшi,
Өтiнемiн, тек қана тiлерiм сол.
Сен бәрiбiр өңiмде келмейсiң ғой,
Түсiмнiң онда Ең басты кейiпкерi бол..
Өтiнем сенен..
Дархан Өміржан, Кеше менiң түсiме тағы да ендiң... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015