Суретің lyrics

Дана Кентай

2020

6
0

Share:



Қолымда арман сурет, ғұмыр сурет
Түсіппіз соңғы және бірінші рет
Жылатып жұдырықтай жүрегімді
Сен неге, сен неге, сен неге түстің екен күлімсіреп?
Сен неге, сен неге, сен неге түстің екен?

Бар еді арманымыз қанша түрлі
Ауыр сені оралмайтын жол шақырды
Білгенде сағыныш боп кетеріңді
Суретке, суретке, суретке түсірер едім әр сәтіңді
Суретке, суретке, суретке түсірер едім әр сәтіңді


Сырымды айтқым келіп бір адамға
Суретіңе мұң шағамын жылағанда
Абайда тұрасың сен күлімсіреп
Суретте, суретте, суретте жаным бірақ кінә бар ма
Сурет болып, сурет болып, сурет боп сурет боп жұбатасың жылағанда


Мейлі жетер сүйген жанды құрметтеген
Бұл өмір ұқсайды екен гүл көктемге
Гүл көктем аяқталар күн жеткенде
Бәріміз, бәріміз, бәріміз айналамыз суреттерге
Бәріміз, бәріміз, бәріміз айналамыз суреттерге
дана, кентай, dana, kentay, kentai, Суретің lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

21.01.2020
Users