Lyrics
Таңдаған тағдырым саған сыр ашайын
Әлемнің бар гүлін жолына шашайын
сымбаттым қымбаттым бақытыма сен егізсің
Сүйікті биімсің жанымменен егізсің
Сен барда көктемім орнайды
Жұрегім сәлемін жолдайды
Аспанның барлық жұлдызы да
Өзіңдей болмайды
Сезімнің аралатып бағын
Бақыттың көрсетейін таңың
Жайнашы жадырап жазымдай
Аңсағаным жаным
қайырмасы:
Айналайын айналайын ғашықпын тек өзіңе
Айналайын байланайын мөлдіреген көзіңе
Айналайын айналайын ғашықпын тек өзіңе
Айналайын аймалайын елжіретіп сөзіме
Сезімнің өлеңің жүрекке жазамын
Өзіңнен көредім махаббат ажарын
Келбеттім тербеттің тұла бойды пәк күлкіне
Айжүзің байлығым өзіңменен бір жүрген
Ай қолға қонғандай аспаннан
Шалқимын нұрынды шашқаннан
Ұсынып қуанышым сені
Көргеннен басталған
Сен маған ала келдің мейрам
Жүрегім саған құшақ жайған
Жанымнан табылып әрдайым
Еркелей бер айнам
қайырмасы:
Айналайын айналайын ғашықпын тек өзіңе
Айналайын байланайын мөлдіреген көзіңе
Айналайын айналайын ғашықпын тек өзіңе
Айналайын аймалайын елжіретіп сөзіме
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).