Ақ гүлім lyrics

Bota Alimkhan

2019

0
0

Share:



Басыңа қонды бақ бүгін
Ақ болсын жолың ақ гүлім
Қосағыңменен жүр аман
Таусылмай мәңгі шаттығың

Қайырмасы
Ақ жолмен құрбым барғайсың
Бақытты гүлім болғайсың
Әкеңнің ақтап үмітін
Анаңның жолын жалғайсың
Әкеңнің ақтап үмітін
Анаңның жолын жалғайсың

Толмасын жасқа жанарың
Бақытты болшы бағалы
Қабыл боп әке батасы
Тәлімі қалар анаңның

Қайырмасы
Ақ жолмен құрбым барғайсың
Бақытты гүлім болғайсың
Әкеңнің ақтап үмітін
Анаңның жолын жалғайсың
Әкеңнің ақтап үмітін
Анаңның жолын жалғайсың








Айгул

Corrected text

06.06.2019
Users