Мама lyrics

Бота Бейсенова

Мама

3
0

Share:



1.Жүрегінің бір бөлігін бөліп беріп,
Мына жарық дүниеден өмір беріп,
Бесігімде тербеп мені әнге салған,
Сол бір асыл жан.
 
қ-сы:
Ақ сүт беріп аяладың, мама,
Жан шуағын аямадың, мама.
Қанатыңды саяладым, мама.
Қандай әсем күлгенің.
Ай қабағың таңдай ашық, мама.
Папамызда саған ғашық, мама.
Ортамызда қандай бақыт, мама,
Аман есен жүргенің.
 
2. Маған деген шексіз оның махаббаты,
Ақылшы, дос, биік таудай парасаты.
Шаңырақтың алтын күні сияқтанған,
сол бір асыл жан.
 
3. Үлкен болып өссем дағы мен бұл күні,
Аңсап жүрем 'ботақаным' деген үнін.
Бұл әлемде бәрінен де кымбат маған,
Сол бір асыл жан. 
Бота Бейсенова, Мама lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Қонақ

15 2016

Отец тамаша

Қонақ

15 2016

Отец тамаша

Anonymous

15 2016

Оте,Оте тамаша

медина

13 2016

тамаша

Жадыра

13 2016

оте әдемі ән, маған қатты ұнайды, әр отырыстарда мен міндетті түрде осы әнді орындап шығамын.

Anonymous

07 2017

өлеңнін музыкасы жоқ барақ жаксы ән музыкасын жіберіңіздерші

GM

Added Lyrics

22.10.2015