Көгілдірі-ең аққудың міне ұштың
Айналайын күн мен айың
Алдыңнан жарылқасын алла дəйім-ай
Айналайын неғылайын
Барған жер бағыңды ашсын қалқатайым-ай!
Қанаттыға қақтырмай өсіріп ем
Тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп ем
Айналайын күн мен айың
Алдыңнан жарылқасын алла дəйім-ай
Айналайын неғылайын
Барған жер бағыңды ашсын қалқатайым-ай!
Мыңның едің арман-ай ақ сағымдай
Бірдің болдың-ай бақыты қасқағымда-ай
Айналайын күн мен айың
Алдыңнан жарылқасын алла дəйім-ай
Айналайын неғылайын
Барған жерің бағыңды ашсын қалқатайым-ай!
Бота Бейсенова, Қыз ұзату lyrics, 2018 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store