Қасиетті домбыра lyrics

Бота Бейсенова

Қасиетті домбыра

3
0

Share:


Бабамыздың көзіндей қара домбыра,
Данамыздың сөзіндей дара домбыра.
Асқақтатып рухымды ағыл, домбыра
Әр қазақтың төрінен, табыл, домбыра
 
Қайырмасы:
Шанағында ойнаған,
Үніне еш тоймаған,
Қасиетті домбыра.
 
 
Күмбірлеген күйіңе,
Әрдайым мен сүйінем,
Қасиетті домбыра.
 
Шанағыңнан төгілген  күйің, домбыра,
Арта берсін әрдайым сыйың, домбыра.
Қастерлейді өзіңді халқым, домбыра,
Тоғыз перне, қос ішек, алтын домбыра
Бота Бейсенова, Қасиетті домбыра lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

07.02.2017
Users

GM