Болат Жөкебай Ол күндер оралмайды. lyrics

Ол күндер оралмайды. Болат Жөкебай

2022

2
0

Share:




Lyrics


Ол күндер оралмайды.

Ол күндер келмейді енді, оралмайды.
Естеліктер көңілден жоғалмайды.
Артқа жол жоқ себебі қаласамда,
Бүгінім кешегідей бола алмайды.

Жүрегім жамандыққа бара алмайды.
Өзіңдей өзге ешкімді таба алмайды.
Сүю деген сезімнің себепшісі.
Махаббат өздігінен жаралмайды.

Алаңсыз от алауы өшті араның.
Мен сені сағынышпен еске аламын.
Кінәлі мен шығармын ашып жүрген,
Бақытты болашақтың кеш парағын.

Өзіңсіз таңдарымды қарсы аламын.
Менсіз солай жарығым жанса бағың.
Іштей жылап өтірік күліп тұрып.
Тойыңда бақыт тілеп қол соғамын...

Болат Жөкебай



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Music Videos
Болат Жөкебай
Ол күндер оралмайды.


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz