Болат Жөкебай Ғашықтық lyrics

Ғашықтық Болат Жөкебай

2022

2
0

Share:




Lyrics


Ғашықтық...

Мен бүгін махаббатқа сау барамын.
Көтеретін көңілін, сауға аламын.
Тамсандырып түнгі аспан жұлдыздарын.
Көрсетемін сезімнің лаулағанын.

Барамында отырмай қарсы қарап.
Ниетім бар сезіммен қал сұрамақ.
Қуантамын мен сені сондай қатты.
Көздеріңнен құлатпай тамшы бірақ.

Жарығым ау, жаныңнан кете де алмай.
Өзіңді шын бақытты ете де алмай.
Жабырқап жаным солай мұңаямын.
Сенсіздікті жүрегім көтере алмай.

Айта алмай саған деген сезімімді.
Тауыстым барлық сабыр, төзімімді.
Білесіңбе асылым саған деген.
Көрмейтін көңілімнің көзі мұңды.

Ешкім де жоқ, қылығың балдай тәтті.
Мен сені жақсы көрем сондай қатты.
Қызықты еді өзіңмен бірге өткен күн.
Мен қалай ұмытайын ондай сәтті?

Қазір менен шалғайда, жырақтасын.
Өткіздім сенсіз мұңның мың аптасын.
Бар тілегім қазіргі махаббатың,
Махаббатымды менің сол жылатпасын.

Жауапсыз қабылданған хабарламам.
Қаншамасы тұр әлі қаралмаған.
Өтінем, мені бұлай қинамашы.
Жан болсаңда мен үшін жаралмаған.

Сүйемін ғой себебі өзіңді мен.
Бағалашы сол мендік сезімді сен.
Тек түсімде бірге өмір сүрер болсақ.
Мәңгі жұмып өтейін көзімді мен.

Болат Жөкебай



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Venera
08 2022

Әдемі шыккан

Venera
08 2022

Әдемі шыккан. Енбегін орлей берсін

Added

01.05.2022
Music Videos
Болат Жөкебай
Ғашықтық


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz