Бұл соңы емес lyrics

Black Dial

2017

17
1

Share:



Ken-G:
Тамшылады тез, салқындады дем,
Мұңлы жүрекке табылмады ем
Tachi: Көздерімді жап, көргім келмейді
Қатыгез ғалам, мені сезбейді.
Жүрегімді ұста, кеудем мүлде тар
Қысылып барам жара мұңымды ал

Ray:
Қалайша адам бұлай төзімді?
Жаным шашырап жерге езілді.
Tachi: Ұрланып қара, бола алмайды тек
Жылады аспан, жылады әлем · Ray:
Қалдырған маған бақытты алып кел
Қолымды созам маған жарық бер...
Жарық бер... - 4р.

L:
Күнделікті бір күн қайталана береді ме?
Неге шарасыз қалдырады тағдыр мені күнде?
Жабық жолдар есік таппадым, қараңғы қамал, лабиринт
Бұл кімнен келген зауал?*

Teddy:
Эй, жарық бер маған тыным тауып бер
Естиді ме мені, естиді ме мені?
Ауасы жоқ, тарылып тұңшығудамын
Жүректі шүберекпен сүртсем де, тікенектерінен құтылмадым мен.
Жоқ, енді керек емес, мені сынағандарынның шегітде жетті
Жаман арам елес түсіме кірді де қиратып жанымның төзіне тиіп,
Дәлме дәл солай өңімде қайталанады деп қорықпасам да білем
Соңында төмеңгі тереңдікте топырақпен теңдесем!

Teddy:
Кінәлама мені жай айтамын
Кінәлама өзім жауап беремін
Қабылдамадым мен керексіз уынды
Сонда да дірілдеп жатыр денем
L:
Көз нақты көре алмады , алынбайтындай белес
Бірақ біреу сыбырлайды "Бұл әлі соңы емес"!

Tachi:
Жүрегімді ұста, кеудем мүлде тар,
Қысылып барам жара мұң мұнда
Ray: Қалайша адам бұлай төзімді?
Жаным шашырап жерге езілді.
Tachi: Ұрланып қара, бола алмайды тек
Жылады аспан, жылады әлем
Ray: Қалдырған маған бақытты алып кел
Қолымды созам маған жарық бер...
Жарық бер... - 3р.

Ray:
Құстар тез қайта оралады
Тоқтат, сенде бәрі оңалады,
"Бұл соңы емес" өз өзіме айтам
Бұл соңы емес, енді бәрін қайтар. - (2р.)
Black Dial, Бұл соңы емес lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Merei Nusipkhan

18 2017

керемет

Нурик Кулбатиров

02 2018

молодцы

Emerald Gaming

Corrected text

05.03.2019