Бекболат Тілеухан Иман Жүсіптің термесі (2018), lyrics

Иман Жүсіптің термесі lyrics

Бекболат Тілеухан

2018

6
0

Share:



Мен жасымда оу жігіттер топтан астым
Менменсінген талайдың көңілін бастым
Жаныма ерген жігітке олжа салып
Бір күнде сегіз қызды алып қаштым
Абылай аспас арқаның сары белі ай
Қуандық сүйіндік пен жайлайды елі
Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас
Нияздың аюлы мен қара көлі ей бұғылы мен тағлы бүркіт салған
Ойпалақтап бауырыңнан түлкіңді алған
Есіл Нұра Ерейменмен қара қойтас
Көзімнен дүлдүл ұштың дүние жалған ау
Ақ тауға сары су келіп төгіліп
Жаз болса жайлаушы еді қоңыр белі
Сағынғанда көзіме бір көрінші
Ақ туын Кенесары тіккен жерін ай
Қатар қатар қойылған тастарыңай
Мұнарланып көрінген бастарыңа ай
Сол бір жерлер есіме түскен кезде
Көзімнен аға берген жастарымай
Сыртым жалын болғанменен денем сау
Көз жасың маған десе жаңбыр болып жау
Бүркіт ұстап басыңа шығармедің
Көзіме бір көрінші Ереймен тау
Күйген жарды ауылым жанайа қонған
Әкем Құтпан кезінде қандай болған
Қазы қарта жемейтін қайран басым
Түрменің қара наны балдай болған
Бойдақ елмен жүруші едім араздасып
Қарсы келген дұшпан мен жағаласып
Бір түстендеп аттанған ауылымның
Қыздарай болушы еді маған ғашық ей
Бұл заманда қалайша тұрақтайын
Майысып көлге біткен құрақтайын
Қарсы келген дұшпанның талайларын
Бақыртып сабаушы едім лақтайын ей
Қыран едім қор болдым торға түсіп
Шығар ма едім аспаныңа бір күн ұшып
бар қатыны қыпшақтың ұл тапсада
Бәрі бір бола алмайды Иман Жүсіп ей....







адетхан

Corrected text

13.08.2021