Менің елім lyrics

Бекболат Тілеухан

Менің елім

5
0

Share:



Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты көлім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің
 
Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам, аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманың
 
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың оу
Берік болсын оу, босағаң
 
Бабамның қаны, анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам
 
Күйінсін жауың, сүйінсін досың
Жиылсын қауым, құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім, жиылсын есің
 
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің оу,
Таси берсін ырысың.
 
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің оу,
Таси берсін ырысың. 
 
Бекболат Тілеухан, Менің елім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Erlan Kairbek

Corrected text

26.12.2018
Users

GM

Music Videos
Бекболат Тілеухан
Менің елім