Бека Бақыт бұл құсқа ұқсайды... (0) lyrics

Бақыт бұл құсқа ұқсайды... lyrics

Бека

Бақыт бұл құсқа ұқсайды...

0
0

Share:


Бақыт бұл құсқа ұқсайды,
Мәпелесең, ол да алысқа ұшпайды.
Байлық улы затқа тең,
Небір жүректерді улайды.
 
Махаббат сұлу гүлге тең,
Сезіммен сусындаса солмайды.
Жүрек мылқау жанға тең,
Өксіп-өксіп, үнсіз жылайды.
 
Бақыт есіп тұрған желмен тең,
Жүгіріп жете аймайды,
Қолга ұстап болмайды.
Жастық шақ алау отпен тең болар,
 
Лапылдап жанып, еріксіз ғана өшетін.
Жаман ба,жақсы ма біздерде сүйдік қой!
Сүйдікте көп сырды көңілге түйдік қой,
Бозбала өзіңде ұғасың мұны әлі
 
Сүйгенді ешқашан деме сен кінәлі,
Одан да жыр оқы,қыздарға гүл апар,
Жас адам сүймеген күні күнәһар!
Өтіп жатыр бес күнім...
 
Ай қонақтап кірпігіме кешқурым...
Беу, дариға, аңсар болдың жүрекке
-Сағындырып есті үнін.
Анау Аспан тіл қаткан
 
Ұғынбады сырларымды мың батпан
Азапты ойдын түрмесінде жатканда Сосын, сосын...
Жұлдыз күйлер жым , қаққан...
Қайтем дүние шатқанын
 
Онсыздағы көкейде ой қап-қалың
Жаныма тек бір жұбаныш бола алад
Сенің жазған хаттарың!
 
...Аппағым...
Ақыл айтшы қалай өмір сүрейін,
Қайғым барды қалай ғана күлейін.
Жүрегіме жүрегіңнен тіл қатшы,
Жұрт сйақты менде күліп жүрейін.
 
Мен дертімді қалайша жасыра алам,
Ауыр күнді жастық шақ басы маған.
Неге жаным неліктен неге біздір,
Ыдыраймыз жұлдыздай шашыраған.
 
Махаббат ұзаққа созылмайды,
Екі ғашық бір болып қосылмайды.
Кеше ғана бірін-бірі сүйген жандар,
Көшеде бірін-бірі танымайды.
 
Махббат куйдіреді жандырады,
Ғашық қылып естен тандырады.
Махаббат біреудің ізгі есімін,
Мәңгілік жүрегінде қалдырады.






GM

Added Lyrics

29.10.2015


shinline.kz