Өмір жаңғырық lyrics

Бейбіт Кушкалиев , Заман тобы

2018

7
4

Share:



Қызыл, жасыл жалғанда
Жоқ нәрсеге алданба
Өмір деген жаңғырық
Таңданба дос таңданба
Бар мен жүрер жоқ қатар
Су бар жерде от та бар
Сен біреуден озғанмен
Сені біреу тоқтатар

Қайырмасы:
Мен саған сеніммен айта алам
Қиын емес жанға байқаған
Айналып келеді, келеді
Келеді қайтадан
Өзгермес ереже мәңгілік
Жазылмаған бұл бір заңдылық
Өмірде әрбір амал, әрбір амал
Ол - жаңғырық

Өмір деген бумеранг
Өмір деген бумеранг
Өмір деген бумеранг
Өмір деген бумеранг

Өкпелетсең біреуді
Сені біреу жылатар
Сен біреуді шалғанмен
Сені біреу құлатар
Сен сөз қылсаң бір жанды
Сені біреу даттайды
Сен біреуден аттасаң
Сені біреу таптайды

Қайырмасы:
Мен саған сеніммен айта алам
Қиын емес жанға байқаған
Айналып келеді, келеді
Келеді қайтадан
Өзгермес ереже мәңгілік
Жазылмаған бұл бір заңдылық
Өмірде әрбір амал, әрбір амал
Ол - жаңғырық

Өмір деген бумеранг
Өмір деген бумеранг
Өмір деген бумеранг
Өмір деген бумеранг
Бейбіт Кушкалиев, Заман тобы, Өмір жаңғырық lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Магжан

02 2018

унамайды

Самал Аскар

06 2018

Жаксы ан

Admin

Corrected text

03.11.2018
Users