Сен келерсің lyrics

Бейбіт Кушкалиев

Сен келерсің

4
2

Share:



Сен келерсің бір күні
Маған қымбат сый қылып
Жер бетінде күлкіні
Жанарыңа сыйдырып
Таң да арайлы атқанда
Бәлкім түсте, кешқұрым
Оттай жанған шақтарда
Құштарлықты кеш күнім.

қайырмасы:
Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні...

Сенсіз жалғыз жабықтым,
Бақыт жүзін жасырып.
Түндер есік қағып тұр,
Жұлдыздары шашылып.
Арманға асық ғаламда,
Үміт алдай қарады.
Саған ғашық санамда,
Сәуле қалмай барады.

қайырмасы:
Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні...
Бейбіт Кушкалиев, Сен келерсің lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Қонақ

22 2016

Өлеңде қыздың айтатын сөзі жоқ

GM

Added Lyrics

01.12.2015
Music Videos
Бейбіт Кушкалиев
Сен келерсің