Ол біледі lyrics

Бейбіт Кушкалиев

2016

1
0

Share:



Ол бiледi өзiн:
Таңғажайып тұлғасы.
Тартты көптiң көзiн,
Сырнайлы сыңғыр сырғасы:
Ол бiледi өзiн:
Қимылдары ырғақты.
Көрсең жүрген кезiн,
Қадамы әрбiр қымбатты.

[Қайырмасы]
Ол үшiн би алаңы -
Өзiңдей ару мекенi.
Жетелеп қиял әнi,
Асығып жетемiн.
Ғажайып сұлу қыздың,
Сеземiн сонда екенiн.
Ерекше нұрлы жүзiн,
Армандап өтемiн.

Ол бiледi өзiн:
Артық ұстап бағасын.
Махаббаттық сезiм -
Күлкiсiндегi жарасым.
Ол бiле ме, бiрақ,
Ғашық болып қалыппын.
Мен үшiн ол - шырақ,
Арайлы аспан, жарық күн.

[Қайырмасы]
Ол үшiн би алаңы -
Өзiңдей ару мекенi.
Жетелеп қиял әнi,
Асығып жетемiн.
Ғажайып сұлу қыздың,
Сеземiн сонда екенiн.
Ерекше нұрлы жүзiн,
Армандап өтемiн.
Бейбіт Кушкалиев, Ол біледі lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

баглан

24 2016

ән айталмайды

Admin

31 2016

баглан, сәлем. Қостық

Admin

Corrected text

31.07.2016
Users

GM

Music Videos
Бейбіт Кушкалиев
Ол біледі