Ақ тілек lyrics

Бейбіт Кушкалиев

Ақ тілек

3
0

Share:



Екі жас жатыр үйленіп
Тамаша думан күй беріп
Жаңа бір отау үй болып бақытты болсын
Келінді жаңа көргендер
Ақ-тілек, бата бергендер
Қанеки төрге өрлеңдер, ортамыз толсын
 
Қайырмасы
Уа, беріңіздер ақ бата
Көңіл толқын теңіз
Жақсы бір лебіз ал аумин деңіз
 
Қуантып ата-ананы
Жанұя болып саналы
Болсын да бала-шағалы
Тілекті беріп
Қалықтап көңіл көгершін
Ізгілік бойға кенелсін
Өсіп те өніп көгерсін
Қызығын көріп
 
Қайырмасы
Уа, беріңіздер ақ бата
Көңіл толқын теңіз
Жақсы бір лебіз ал аумин деңіз
 
Бәрекелді бәрекелді бәрекелді бәрекелді
 
Арман серік болсын
Отау берік болсын
Бақыт келіп қонсын шағала болып
Үйің мейман болсын
Досың иман болсын
Аулаң думан болсын балаға толы
 
Қайырмасы
Уа, беріңіздер ақ бата
Көңіл толқын теңіз
Жақсы бір лебіз ал аумин деңіз
Бейбіт Кушкалиев, Ақ тілек lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

24.10.2015