Махаббатты армандаймын lyrics

Бауыржан Ретбаев

Махаббатты армандаймын

4
0

Share:



Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе
Жастықта жалын атып сүйсем егер,
Түспес ем дел мынадай күйге мүлде

қайрымасы:
Мен нағыз махаббатты армандаймын,
Оны мен жоғалтып та алғандаймын
Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата білмеген сормаңдаймын.

Өтінем сенен ғафу, асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын.
Сен менен от іздеме, құрмет ізде,
Өртеніп жана-жана басылғамын.

қайрымасы:
Мен нағыз махаббатты армандаймын,
Оны мен жоғалтып та алғандаймын
Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата білмеген сормаңдаймын.
Бауыржан Ретбаев, Махаббатты армандаймын lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015
Music Videos
Бауыржан Ретбаев
Махаббатты армандаймын