Lyrics
Жүрек тұнған сағыныш, ән-жырымды алып ұш
Шын сүй дағы өмірде, махаббаттың балын іш
Сыңғыр сырлы сұлуым, махаббаттың жылуын
Нұр болып құй құмарланған келтеме
Қайырмасы:
Гүлім, гүлім, гүлімсің
Арманымсың, жырымсың
Бақытымсың, базарымсың сен
Махаббаттың жырын-ай,
Жүрегімнің сырын-ай
Арман гүлім, ажарымсың сен
Ақ сезім мен үмітім әлдилейді күні-түн
Бақытымның бастауы, өмірімнің гүлісің
Тебіренткен тілектің тыңшы маған жүректі
Кеудемдегі күмбірлегенімсің
Қайырмасы: 2 рет
Махаббаттың мәңгілік тұнығындай таңғы үміт
Сені сүю мен үшін – тәңір жазған заңдылық
Жан тербеген сазыңнан, сенің, еркем назыңнан
Жан гүлім-ау жаралансам жазылған
Қайырмасы: 2 рет
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).