Жолданбаған sms хат lyrics

Бауыржан Қарағызұлы

Жолданбаған sms хат

0
0

Share:


Қос дүниенің гүл күрсінген тағдыры-ай...
Түсінемін...
Сезіміңнің уіліне сенемін –
періштедей Өлеңім.
Міне, тағы хатың келді...
Сенің хатың – көкірегімді күйдірген 
ең улы жас сұп-суық,
Ең улы жас – өкініштің өксігі.
Қазір демім – көк түтін, күрсінісім – ақ жалын,
Быт-шыт қылып жүйеленген өмір сүру заңдарын.
Қан-қан құса қаңғып кетсін 
көше бойлай еркіндеп,
Жүрсін солай бағыт таппай баратын.
Ал мен үйде отырайын түк сезбей, 
ішімде өліп қара түн.
Түсін, сәулем дәл қазір, біздің үйдің аурасы
күлгін түсті үнсіздікпен боялған...
Жарым мұңды, жаным – сұлық, ой – ойран,
...Айналайын, сұрамашы, сұрамашы себебін,
Хаттарыңа не деп жауап беремін??!
Жан әлемі – жұмақ гүлі – көктем – қыз,
Біз ер-те-де-е-е...
О дүниеде қосыла алмай кеткенбіз.
Болды, бітті, ұмыт мені, сағынба, табынба..
Мың жылдан соң келем... өлем сенің жаныңда...
 
Бауыржан Қарағызұлы, Жолданбаған sms хат lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015