Өзіңді өзің іштей мүжіп, түнеріп... lyrics

Бауыржан Қарағызұлы

Өзіңді өзің іштей мүжіп, түнеріп...

0
0

Share:


Өзіңді өзің іштей мүжіп, түнеріп,
түн ішінде жыларыңды білемін...
Жер бетінде жалғыз қалған адамдай,
Күрсінерсің, күрсінісіңде күн өліп...
 
Менің енді хал-жайымды сұрама,
Маңдайынан махаббаты құлаған,
біреумін...
у-у-фф... ұмыт дейсің...
ұмыт дейсің, селт етпей,
енді мені мазалама сұранам...
 
Жүрегімде мұң мертігіп бір күнде
жалғыз сөзден жараланып күлкім де...
Ерініңде тербетіліп тағдырым,
Ұмыт дейсің,
ұмытуым мүмкін бе?!
 
Біздің ғұмыр – періштелер күбірі.
Қарасаңшы жанарыма үңіліп...
Ұмытармын, 
сағынармын үгіліп,
Тас жүрек боп кетем сосын түңіліп!
 
Бүгінгі түн – ең сорақы, азалы,
Ақын – тағдыр қатыгез жыр жазады.
...Біреу маған хат жазыпты «сүйем...» деп –
телефонның мазағы!
 
Жүрегімде бауыздадым бұл түнді,
(Өкінішім бос кеудемде бұлқынды).
...Жаратқанның мейіріндей көрінген,
Қалай сенің ұмытамын күлкіңді?!
 
Бауыржан Қарағызұлы, Өзіңді өзің іштей мүжіп, түнеріп... lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015