Кімсің?! lyrics

Бауыржан Қарағызұлы

Кімсің?!

0
0

Share:


...Өміріме еніп келдің кенеттен...
... дауысыңда дұғасы бар әлемнің,
Сәлемі бар ғайыптың,
Көңілімнің сілекейін шұбыртқан,
Құдірет бар гүл билеген күлкіңде.
Қайдан келдің ерініңнен нұр бүрлеп?
 
...жұлдыз ағып қанымда,
жан-дүнием жарқ етті ғой нәзігім.
Таңдайымда Тәңірінің бұйрығы,
Тамырымда тағдырымның тынысы.
 
Жарығым-ау,
қабағымда қатігездік мерт болып,
қызыл тілде сөз мөлтілдеп еріксіз,
сөйлеп кеттім....
Сөйлеп кеттім ақылыма бағынбай,
Кешіре гөр,
Кешіре гөр махаббаты Тәңірдің...
 
Жарығыңмен қақ жарып жалғанымның түнегін,
О, қош келдің,
Қайдан келдің?
Кімсің өзі?
Кірпігінен періштелерді ұшырған...
 
Алақанымдағы шимай-шимай сызықтың,
Маңдайымдағы күре жолдың күрмеуін,
Жымиысыңның лебімен шеш өзің...
Сені көріп ойларымнан ұялдым,
Сені көріп Жаратқанды таныдым,
Сені көріп Рухымды аластадым уақыттың демімен.
Аялдашы..,
аялдашы..., 
аялдашы..,
Жүрегімнің көзін сүртіп алайын,
Таңданысымның дәмімен...
 
Бауыржан Қарағызұлы, Кімсің?! lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

14.10.2015