Баубек Бұлқышев Жүріп келе жатырмын lyrics

Жүріп келе жатырмын Баубек Бұлқышев

0
0

Share:


Lyrics



Жыл жарым болып барады.
Шыққаныма шығыстан,
Қоштасқалы бас иіп
Алатаумен туысқан.
Күнде жүріс, күнде ұрыс
Батысқа кетіп барамын.
Жағаласып жауменен
Алысып кетіп барамын.
Өлім кешіп, қан кешіп
Кетіп бара жатырмын.
Туын ұстай елімнің
Қауіпті кезең жерлерден,
Өтіп бара жатырмын.
Тағдырың үшін, о, елім,
Тағы жүрем, тағы да...
Ер кеудесін оқ алмас
Аттанған ел арына.
Ер өлмек емес ешқашан
Қол созған ел зарына,
Ер қайыспас ешқашан
Қол жуған жау қанына.
О, Алатау, о, Арқа!
Сендерден туған ұл едім,
Сендерсің менің қуатым,
Сендерсің белім, тірегім!
Ерегісте, ұрыста
Қайыспастай туған ер,
Жеңілмейтін жеңетін.
О, Алатау, қуат бер!
О, Алатау, қуат бер!
Балаңа шапқан жауыңа,
Майдан жолы қиын жол,
Тағы да жүрем, тағы да...



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

26.08.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz