Барыс тобы Барлық ҚАЗАҚ бай болсын! lyrics

Барлық ҚАЗАҚ бай болсын! Барыс тобы

2018

0
0

Share:




Lyrics



Барлық елден озатын басымызда азат күн
Той дегенің ағайын қазынасы қазақтың
Жеңген елміз жауды да сыйлағанбыз ханды да
Қонақжаймыз қонақтың барын қойған алдына
Арайланған таң болсын өмірлерің бал болсын
Қыздарыңыз ханшайым ұлдарыңыз хан болсын
Жарқырасын маңдайың жақсы болсын жағдайың
Тойға ғана жайылсын дастарханың ағайын

Қайырмасы
Ән керек сән керек жадыраған жан керек
Жолығармыз бәріміз жердің беті дөңгелек
Күн болсын ай болсын барлық қазақ бай болсын!
Әр адамның үйінде күнде қызық той болсын!

Басқа қонбас бақ қалай естен кетпес шақ қалай
Қуанышқа марқайып билеңіздер тоқтамай
Үлкен кіші кәріміз арта берсін бағымыз
Билеп жүріп қәнекей ән айтайық бәріміз
Көңілдірек күй менен қара жорға бименен
Дәл осындай халықтан қалай ғана жиіренем
Құлақ түрген әніне таңдай қаққан сәніне
Бақыт тілер жүректен ырыс толды бәріне

Қайырмасы
Ән керек сән керек жадыраған жан керек
Жолығармыз бәріміз жердің беті дөңгелек
Күн болсын ай болсын барлық қазақ бай болсын!
Әр адамның үйінде күнде қызық той болсын!







Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

29.06.2018


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz