Түсіндім Bars Qaba

0
0

Share:

Lyrics

Мен кетпеші дегенімменен
Құстардың оралмайтынын білемін
Білмеймін жүрегім неге аунайтынын
Жаныңа ең жақын адам жанымды жаралайтынын
Түсіндім

Қайырмасы:
Ыстықтың аяздай қарып мұздың да оттай болатынын
Бақ құсы адасып қалса қайтадан таппай қалатынын
Бір сәтте бөтеннің жақын, жақынның жатқа айналатынын

Мен бәріне көндіктен сайын
Үміттің бос алдайтынын білемін
Бақыттың қолыңмен жасалмайтынын
Адамға берсе де қанат тағдырдан қаша алмайтынын
Түсіндім

Қайырмасы:
Ыстықтың аяздай қарып мұздың да оттай болатынын
Бақ құсы адасып қалса қайтадан таппай қалатынын
Бір сәтте бөтеннің жақын, жақынның жатқа айналатынын
Түсіндім
Бір сәтте бөтеннің жақын, жақынның жатқа айналатынын
Түсіндім

Бір сәтте бөтеннің жақын, жақынның жатқа айналатынын
Түсіндім

Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).

Added

26.07.2022