Күтеміз күнді ертенгі lyrics

Baller

Күтеміз күнді ертенгі

2
0

Share:


Әр бір пенденің маңдайында пешенесі
Егер де көңіліңе тисем кешірерсің
Мүмкін кешігерсің немесе үлгерерсің
Бақыт қай жерде күтіп тұрғанын кім білсін
Өз басым білмейм бірақтан да сезем
Жерде қалмаймын, болашақ жарқын сенем
Ақырын келем жоспарлаған жоспарыма
Үмітсіз адам, сенің ойыңша адам ба?
Алғашқы қадам ба? Жасауға қиын болатын
Егер де солай болса уақыт келді қиналатын
Себебі сен жасамасаң ағашқы қадам
Бұл әлемда табылады басқа да бір адам

Болашақта балам сұрақты жаудартатын секілді
'Әке, қолдағы жазу не білдіреді? '
Ойласам күлкім келеді
Бүгін тағы да күн батты, күтеміз күнді ертеңгі

Сенімнен жасап кемені,
Сезім желімен желпіп,
Алысқа кетіп, арманның бәрін тастап
Жақындардың жанары ғана мені тоқтатад

Бір затты үмытпа сен жалғыз емессің
Біреуге жақын доссың, біреуге жерлессің
Біреуге сүйікті баласың, біреуге бауырсың
Ең болмаған жағдайда дені сау адамсың
Жауларың адассын, жақының тура жол тапсын
Сәтті болмаса қайтадан жаса сен әлі жассың
Анамыз қартаймасын, жасаған жамандық көп
Соларды бізге қайтармасын

Сенейік сәттілікке! Сенейік жаратқанға!
Күлімдеп қарағын мұрыннан аққан әр бір қанға!
Себебі ол сенің тірі екеніңнің белгісі
Қасқыр болу керек тағдыр өмірдің түлкісі
Үзілмей сәби күлкісі бұлтымыз қараймасын!
Бүгінгі таңды көрмегенді қара жер қабылдасын
Ешкім ұмытылған жоқ барлығы жүректе
Әр бір мұсылманға тыныштық, денсаулық, береке

Сенімнен жасап кемені,
Сезім желімен желпіп,
Алысқа кетіп, арманның бәрін тастап
Жақындардың жанары ғана мені тоқтатад
Baller, Күтеміз күнді ертенгі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

06.12.2015