Бақытжан Орақаев ft. Данияр Рахметжанов ft. Тарлан & Бақай тобы Өмір таңда lyrics

Share:


Lyrics



Өмір таңда қарама артқа
Өмір таңда қара ма ақ па
Өз таңдауың өзіңнің қолыңда

Құстай самға шарықтап көкке
Үміт алда биікке өрле
Өз таңдауың өзіңнің қолыңда


Бұрыласың ба оңға, әлде солға
Жүресің бе қисық жолмен, әлде тура жол ма
Мақсатыма жетемін деп анмандайсың ба
Төземін деп мейлі болсын қандай да сынға
Кедей мен бай, сәтті мен сорлы
Қатардың алды немесе соңы
Өз тізгінің өзіңнің қолыңда
Өкінбе тағдырға, түсірме қолды
Қылмыс жасап түсесің бе торға,
Боласың ба маскүнем, әлде нашақорма
Алтын уақытты өткізесің бе босқа
Әлде бірінші сен үшін спорт па
Өзіңнің қолыңда жата берсең де,
Бағындырам десең жаңа белестер
Не де болса өз қолыңда тізгінің
Осыны әрқашан сақта сен есте!

қайырмасы:

Өмір таңда қарама артқа
Өмір таңда қара ма ақ па
Өз таңдауың өзіңнің қолыңда

Құстай самға шарықтап көкке
Үміт алда биікке өрле
Өз таңдауың өзіңнің қолыңда

Айтшы неде пенде қорқу сыры,
Жауапты сәт келгенінде қол қусырып
Жоғалтқандай қандай да бір кесір есін,
Құр жіберіп жатады өз несібесін.
Ер адамға өзін міндет ез етпеуі,
Жүрмесе болғаны ертең тезек теуіп.
Кенезем кеуіп, құрғап таңдайым,
Айтатын жырымды бұлғақтатпайын.
Жығылдым деп егіліп тек қақсап қалма,
Күрес бітпейді бойда мақсат барда.
Себебі не қастың тасты қарсы атқанда,
Біл, оңай олжа іздейді қарсақтар да.
Алдыңда бір жол, ол жол алға,
Кері жүруден аулақ бол, жоғалма.
Қорқаулардың ғана батылдыққа жоқ әлі,
Тек қана алға, тек қана жоғары.
Не болса да өз қолыңда тізгінің,
Ісі оңға басады ізгінің.
Күздігүн болса да үміт үзді кім?!
Өмір таңдар жастармыз біз бүгін.
Өз-өзіңді қолға алар тап күш,
Сүрінгенің жеңіліс пе? STOP, тишшш...
Ауыр ма, жеңіл ме, серпін қос сенімге,
Келеді біл бір күні көктемің сенің де.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

31.10.2015
Music Videos
Бақытжан Орақаев ft. Данияр Рахметжанов ft. Тарлан
Өмір таңда


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz