Бақытжамал Жоқ күндерім бар күндермен өтеліп lyrics

Жоқ күндерім бар күндермен өтеліп Бақытжамал

Share:




Lyrics


Жоқ күндерім бар күндермен өтеліп,
Баршылыққа, таршылыққа ет өліп,
Күйігім мен қуанышым қолдасып,
Келе жатыр мені иыққа көтеріп.
Екі дүние, екі мінез әр алуан,
Екеуі де орын тапқан санамнан.
Бақыт деген осы ма әлде, кім білсін,
Қайғы менен қуаныштан жаралған?!
(Мен еріксіз екеуінен қаймығам)
Қуанамын, қуанам да қайғырам.
Күйініш те маған керек сияқты,
Күйінішсіз шаттығымнан айырылам.
Жоқ күндерім бар күндермен байыпты,
Бар күндерім жоқ күндерге айыпты.
Мәңгі-бақи шаттықта өту мүмкін бе?
Адаммын ғой, қайғыру да лайықты.
Аң емеспін, адаммын ғой, санам бар,
Шаттығымды бөлісіңдер, жарандар!
Көкте күнім тұрған сәтте нұр шашып,
Жай орнатқан бұлтыма да қарандар.




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

08.09.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz