Тай-тай ботам Бақытнұр Қызырбайқызы

2018

0
0

Share:




Lyrics



Тәй тәй ботам тәй тәй
Қаз қаз тұршы әй әй
Балдай бала сыйлаған
Өмір ғажап пай пай

Кернеген-ай қуаныш жүрегімді
Қабыл етіп жаратқан тілегімді
Қызығыңмен тәп тәтті қылығыңмен
Шаттық нұрға бөледің бұл өмірді

Тәй тәй ботам тәй тәй
Қаз қаз тұршы әй әй
Балдай бала сыйлаған
Өмір ғажап пай пай

Айналайын құлыным бағым сенсің
Алғаш басқан қадамың құтты болсын
Тұсауыңды кестірдім ақ тілекпен
Талабыңа нұр жауып бақыт қонсын

Тәй тәй ботам тәй тәй
Қаз қаз тұршы әй әй
Балдай бала сыйлаған
Өмір ғажап пай пай



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

17.10.2018