Наурыз lyrics

Бақыт Шадаева

2018

7
1

Share:



Әні : Бақыт Аяпов
Сөзі : Ел-Нұр Әлімбай [QBA]

Төккен нұр шуағын шырайлы
Көктем гүл аруға ұнайды
Күнмен түн теңесер сол үшін
Жаңа жыл санаймыз бұл айды ...

Көрісу салты бар ежелден
Әз Наурыз Түркінің мейрамы
Ағайын дәм татып көжеңнен
Көңілге жылуын сыйлады ...

Қайырмасы :

Қош келдің Наурыз Наурыз Наурыз ұл(ы) еліме
Сыр елім жыр еліме
Үңіліп дүрсіл қаққан жұмыр жүрегіме
Құлақ сал тілегіме ...

Жаңарған ну-орман тал шыбық
Ағарған әр үйде молшылық
Жаң(а)арман жалынды сезіммен
Сан алуан әуезді ән шығып ...

Күлл(і) әлем жасылға боянып
Әрлейді тым жазық даланы
Тіршілік қайтадан оянып
Бұлбұлдар әнін салады ...

Қайырмасы :
Бақыт Шадаева, Наурыз lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

29.04.2019