Үлкен үлкен қаланы, алыс алыс ауданды.
Көру үшін аралап, асығамыз сапарға.
Қайырмасы:
Жүрсең алыс жерлерде, аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде, құшақтасып қол алшы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Ойдым-ойдым орманды, қабат-қабат қорғанды.
Тарқатылған бұрымдай, тарам-тарам жолдарды.
Көру үшін аралап, асығамыз сапарға.
Қайырмасы:
Жүрсең алыс жерлерде, аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде, құшақтасып қол алшы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Өзендерді, көлдерді, өзектерді, шөлдерді.
Жүгірген аң, ұшқан құс, жете алмайтын жерлерді.
Көру үшін аралап, асығамыз сапарға.
Қайырмасы:
Жүрсең алыс жерлерде, аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде, құшақтасып қол алшы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Аспанда да, жерде де, асуда да, белде де.
Жолың болсын, жолың болсын жолаушы.
Бақай тобы, ӘдеміАй дуэті, Жолың болсын, жолаушы lyrics, 2020 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Aslan Davletov
жақсы ойлап тапқан 👍
Aslan Davletov
қателерін түзесеңдер қайтеді 😠