Ерке қыз lyrics

Бахтияр Қожанов

2019

0
0

Share:



Ойымнан кетпейді айтқан сөзің
Үлбіреп тұрғандай нұрлы жүзің
Сүйкімді көрікті әсем өзің
Ерке қыз көңілім сенде ғана
Сол қызда бар ойым тілегімде
Дүрсілдеп соғуда жүрегімде
Бармынба мен оның тілегінде
Ерке қыз бақытым өзің ғана

Қайырмасы
Жүзі шыр- ай көкте күн-ай
Шуағын төксе екен нұрын шашып
Шашы сүмбіл аппақ бір гүл
Бағыңда жайқалса бүршік ашып

Өзіңе айталдым сүйгенімді
Жалынды бір сезімге күйгенімді
Айтшы сен тек мені сүйгеніңді
Ерке қыз қинама жүрегімді
Сүйесің бірақта сездірмейсің
Ия бір үмітіңді үздірмейсің
Ұнатсаң сен мені сездіргейсің
Ерке қыз қабыл ал тілегімді

Қайырмасы
Жүзі шыр- ай көкте күн-ай
Шуағын төксе екен нұрын шашып
Шашы сүмбіл аппақ бір гүл
Бағыңда жайқалса бүршік ашып

Бахтияр Қожанов, Ерке қыз lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

17.06.2019
Users