Бағала оны бағала lyrics

Бағлан Әбдірайымов

Бағала оны бағала

2
0

Share:


1.Жан бағы көктем
Жан жолдас еткен
Сұлулық деген тылсымды
Жүрегі таза, тілегі таза
Қыз жаны нәзік гүл сынды
 
Қайырмасы:
Жат жерге барып
Ақ жаулық тағып
Айналар ертен анаға.
Қыз деген - ана
Ана деп қана
Бағала оны, бағала!
 
2.Бағыңа бала
Таңыңа бала
Еліктей сұлу еркені.
Қарлығаш құсым
Қыз жанын түсін
Күн кешкін келсе ертегі.
 
Қайырмасы:
 
Жат жерге барып
Ақ жаулық тағып
Айналар ертен анаға.
Қыз деген - ана
Ана деп қана
Бағала оны, бағала!
 
3.Қылығы балдай
Нұр жүзі таңдай
Бақытты етер бізді әлі.
Қарындас маған
Қарындас саған
Қазақтың барша қыздары.
Бағлан Әбдірайымов, Бағала оны бағала lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Mereke Mereke

15 2017

керемет

GM

Added Lyrics

22.10.2015