BaGi Жырақтамашы (Remix) lyrics

Жырақтамашы (Remix) BaGi

0
0

Share:


Lyrics


Жырақтамашы менен, мен өзіңнен сұранамын,
Қаламаймын, шыны керек, қос жүректің жылағанын.

Мен қателестім, сол үшін айрылдық екеуміз,
Тағдыр жазғаннан кейін, амал жоқ енді, қайтеміз.
Қайтеміз қозғап оралмайтын тақырыпты,
Өмір – өзен, бізді екі арнамен ағызыпты.
Отырмын жалғыз қоңыр күздің құшағында,
Таныс аула, әрине, сенің үй жағыңда.
Сені көрермін деп қарайлаймын терезеңе,
Шамдарың өшірулі, үнсіздік терезеңде.

Қ-сы:
Жырақтамашы менен, мен өзіңнен сұранамын,
Қаламаймын, шыны керек, қос жүректің жылағанын.
Жылағанын қаламаймын сенің қара көздеріңнің,
Ән-мағынасын түсін менің айтқан сөздерімнің.

Білемін, сүйесің, мен де сені сүйемін де,
Осыған қарамастан біз бөлекпіз түсінбедім де.
Түсінбедім, екеумізге не болды, айтшы маған,
Сағындым мен сені, мүмкіндік болса, қайтшы маған.

Қ-сы: (x3)
Жырақтамашы менен, мен өзіңнен сұранамын,
Қаламаймын, шыны керек, қос жүректің жылағанын.
Жылағанын қаламаймын сенің қара көздеріңнің,
Ән-мағынасын түсін менің айтқан сөздерімнің.




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

09.08.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz