Жылама, жаным lyrics

BaGi

2016

0
0

Share:


Келіп тұр тағы белгісіз СМС,
Сеземін, оның егесі тағы сен емес.
Сен емес таңда мені оятқан,
Жылы сөздермен сабырсыз жанымды жұбатқан.
Сен емес пешенеме бақ боп жазылған,
Сен емес еркелеп мойныма асылған.
Жаным, серт берші маған мәңгілік сақтайтын,
Махаббат деген ұлы сезім атынан.
Кім бұзды антты, кімнің арына жазамыз,
Екі бөлек екеуміз өзімізге бір тазамыз.
Не боп барады арамыз, не боп кетті турасы,
Сенен қалғаны маған – бақытсыздық мұрасы.
Мен емес мазалайтын сені түнімен,
Келіп жүрген шығар біреуі құшақ гүлімен.
Ал сен болсаң өмірімнің гүлі ең,
Орхидеям менің, жүрегімді берер ем.

[Қайырмасы]
Жылыма, жаным, кінәламағын
Тағдырыңды сені мұңды еткен.
Жылама, жаным, атады таңың,
Сенің де келер бір көктемің.
Жылыма, жаным, кінәламағын
Тағдырыңды сені мұңды еткен.
Жылама, жаным, атады таңың,
Екеуміз сүйген мұңды әуен.

Тыңдаушы едік Ғаділбектің осы әнін,
Билеп түнде вальс екеуміз ғана, жаным.
Тек қана куәгер Ай тұрушы еді аспанда,
Жымиып тұрған жұлдыздар ғой, олардан жасқанба.
Біздің сырды айтпайды олар ешкімге,
Өмір әркімде әр түрлі, қызық дейсің кімге?
Ажырасып кеткен жандар енді тым бөлек,
Жаралы мендегі жүрек кімге керек?
Өкінбеймін, себебі бұл өмірдің қалауы,
Өшіп барады жаймен көздерімнің алауы.
Бар шығар бір әділдік,
Жазаңды берсін саған, ал маған сабырлық.
Адаммын ғой, менің ақырым бір келер,
Мендей сүйген сені өмірде бір келер.
Сен емес, сен мені сүймедің,
Бөтеннің кеудесінде соққан менің жүрегім.

[Қайырмасы]
Жылыма, жаным, кінәламағын
Тағдырыңды сені мұңды еткен.
Жылама, жаным, атады таңың,
Сенің де келер бір көктемің.
Жылыма, жаным, кінәламағын
Тағдырыңды сені мұңды еткен.
Жылама, жаным, атады таңың,
Екеуміз сүйген мұңды әуен.

Жылыма, жаным, кінәламағын
Тағдырыңды сені мұңды еткен.
Жылама, жаным, атады таңың,
Сенің де келер бір көктемің.
Жылыма, жаным, кінәламағын
Тағдырыңды сені мұңды еткен.
Жылама, жаным, атады таңың,
Екеуміз сүйген мұңды әуен.
BaGi, Жылама, жаным lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Акерке

27 2016

оте тамаша

гулайим

06 2016

неге сохранит етилмийд

гулайим

07 2016

осы оленди тартып алайын деп едим бирак ала алмай атырм баска олендерди алдым

асем

10 2016

керемет

Admin

Added Lyrics

23.06.2016