Фариза lyrics

Бағдат Айсәулет

Фариза

0
0

Share:


Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
 
 
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресіңе, күресіңе.
Фаризажан, сен соны білесің бе?
 
 
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын
 
 
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын, мұң шағамын
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Қызда болсан мен саған мұң шағамын
 
Фаризажан, Фариза қыз, Фаризажан
Бағдат Айсәулет, Фариза lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

24.10.2015
Music Videos
Бағдат Айсәулет
Фариза