Б. Жамақаев Сен ғана (0) lyrics

Сен ғана lyrics

Б. Жамақаев

Сен ғана

0
0

Share:


Жайма шуақ көктемнің жасыл күні
Балбұлақтан естисің мың күлкіні
Аспан асты бір саған құмартқандай
Тамылжиды аулақта бұлбұл үні


Қайырмасы:
Аялап тербеткен
Сұрашы жер-көктен!
Әлемнің сенде қызығы
Күннің де сенде қызуы
Бір өзің аңсарым
Бір өзің жан-жарым?



Сабыр етші жан сәуле, тыңда тағы
Сен дегенде тау шыңы тіл қатады
Ақ қайыңмен сырласып ұзап шықсаң
Әншіл арман бір сен деп шырқатады


Қайырмасы:
Аялап тербеткен
Сұрашы жер-көктен!
Әлемнің сенде қызығы
Күннің де сенде қызуы
Бір өзің аңсарым
Бір өзің жан-жарым?



Кезсем дағы қай өлке қай даланы
Самал желі сені аңсап аймалады
Махаббаттың көрдің бе құдіретін
Жердің өзі бір сен деп айналады


Қайырмасы:
Аялап тербеткен
Сұрашы жер-көктен!
Әлемнің сенде қызығы
Күннің де сенде қызуы
Бір өзің аңсарым
Бір өзің жан-жарым?

Б. Жамақаев






GM

Added Lyrics

28.10.2015