Б. Құрманғалиев Туған елдің ыстығы-ай lyrics

Туған елдің ыстығы-ай Б. Құрманғалиев

Туған елдің ыстығы-ай

0
0

Share:


Lyrics



Туған жер кіндігіңнің қаны тамған
Әкелер алақаны табы қалған
Ну егін, шалқар көлді, дархан белді
Көрінбес топырағы қайың-талдан


Қайырмасы:
Өзге жер туған жердей ме
Жаныңды бұндай тербей ме?!
Жанаттан артық еліңді
Сүймесең, жүрек сембей ме?!



Туған жер маңдайыңның тері тамған
Барыңды соған ғана беру арман
Бақшаның өзің еккен өзің баптап
Тәтті екен миуасының сөлі балдан


Қайырмасы:
Өзге жер туған жердей ме
Жаныңды бұндай тербей ме?!
Жанаттан артық еліңді
Сүймесең, жүрек сембей ме?!



Туған жер күркесі де саған сарай
Гүлі де, шеңгелі де балаусадай
Алты күн ауылынан ұзап шықса
Тұра ма ел анасын ер аңсамай?!


Қайырмасы:
Өзге жер туған жердей ме
Жаныңды бұндай тербей ме?!
Жанаттан артық еліңді
Сүймесең, жүрек сембей ме?!

Б. Құрманғалиев



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

28.10.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz