Төлеген Тоқтаров туралы ән lyrics

Б. Ерзакович

Төлеген Тоқтаров туралы ән

0
0

Share:


Тағынған тал бойына алтын алқа,
Сағынып Төлегенін Алтай, Арқа.
Ашады сүйіспендік жайып құшақ,
Дегендей: «Халқым сүйген келші, қалқа!»
Ай қаоқып, жұлдыз жүзі шығып шыңға,
Алтайды бөлегенде таңғы нұрға.
Айбыны Алтайдан да асып артқан,
Көз түсер алып тұлға, батыр тұлға!


Қайырмасы:
Найзасын көкке тіреген,
Семсерін айға білеген.
Алтайдан туған алып ұл –
Бұл арыстан Төлеген.


Туған жер, өскен орта, байтақ дала,
Махаббат, ыстық жүрек құмарлана.
Сүйеді Төлегендей ер баласын,
Баулыған батырлыққа Отан-ана.
Баласын алып Алтай құшағына,
Сүйеді, жүрегіне қысады да.
Сырласып таң атқанша, бірге болып,
Таң атса, тау қалады, ол ұшады да.


Қайырмасы:
Найзасын көкке тіреген,
Семсерін айға білеген.
Алтайдан туған алып ұл –
Бұл арыстан Төлеген.

Б. Ерзакович
Б. Ерзакович, Төлеген Тоқтаров туралы ән lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015