Партизан Б. Ерзакович

Партизан

0
0

Share:


Lyrics



Майданға аттанды,
Екпінді партизан.
Дұшпандар шошыған
Даусынан,
Даңқынан.


Колхоздың орманы,
Жасыл гүл, жапырақ.
Барды оған
Партизан,
Жау келді жақындап.


Айсыз түн қараңғы,
Жаудың көп жарағы.
Зеңбірек
Танкісі
Күркіреп барады.


Партизан қырағы,
Алды-артын орады.
Ысқырған
Снаряд
Борандай борады.


Гуледі пулемет
Жаңбырдай жауды оқ,
Жыртқыштан
Арам қан
Төгілді дірілдеп.


От жалын түндегі,
Аспанда жайнады.
Дұшпанға
Төбеден
Найзағай ойнады.


Офицер жез өкше,
Тұтқынға алынды.
Колхоздың
Орманы
Фашистен арылды.


Сілкінді жер мен көк,
Жау өлді төбе боп.
Команда
Берілді
«Партизан, алға!»- деп.

Б. Ерзакович



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

28.10.2015